Аймақтар • 25 Мамыр, 2022

Алматыда 136 мыңнан астам үй жануарына чип салынды

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда үй жануарларына чип енгізу жургізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 136 мыңнан астам үй жануарына чип салынды

Қалалық ветеринария қызметінің мәліметінше, чиптеудің нәтижесінде бүгінде Алматыда 136 246 үй жануары (90 035 – ит, 46 319 – мысық) ресми тіркелді.

«Тегін чиптеу бағдарламасы бойынша биыл қалада 15 мың ит пен мысықты қамту жоспарланып отыр. Бұл шара қала аумағындағы үй жануарларының есебін жүргізуге, құтыру ауруына қарсы екпе мен дегельминтизацияны тиімді жоспарлауға ықпал етеді. Деректер қорына, ақпарат паспортына жануар мен оның иесі, микрочип нөмірі туралы ақпаратты міндетті түрде енгізу – келешекте үй жануарларының есебін жүргізу жұмысын толық белсенді етуге мүмкіндік береді», делінеді ведомство хабарламасында.

Ведомство ақпаратына сәйкес, микрочип өмір бойына жануардың терісінің астына енгізіледі. Онда 15 таңбалы саннан тұратын нөмір бар.

Айта кетейік, чиптеу жұмысын ветеринария қызметінің жұмысшылары аулаларды аралау кезінде ақысыз негізде жүргізеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10