Мен Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты тақырыпта өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясынан қанаттанып оралдым. Мұндай беделді жиынға алғаш қатысқандықтан, Елбасының сөзін үлкен толғаныспен тыңдап, көңіліме тағылымды ойлар түйдім.
Біз, Тәуелсіз елдің ұрпақтары, Қазақстанның бірлік пен тұрақтылықтың тал бесігіне айналғанын әркез мақтан етеміз. Қара шаңырағымыздың шайқалмауын тілейміз. Елбасымыз ел бірлігінің бастауы тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір ұлттар мен ұлыстардың өзара жұдырықтай жұмылған татулығында, ортақ мақсат жолындағы ауызбірлігінде екенін үнемі айтып, жол сілтеп келеді.
Осы жолы да ғасырлар бойы жалғасып, қасиетті құндылықтар мен ұлттық ұлы мұраттарға жетелеп келе жатқан бейбітшілік, руханият, келісім сессияның басты арқауына айналып, ХХІ ғасырдың ең басты заңдылығы ретінде көлденең тартылды. Еліміздің әр қиырынан келген түрлі этнос өкілдері мен сан алуан мамандық, кәсіп иелері толеранттылық, достық, бауырластық идеяларының қаншалықты қымбат та қастерлі екенін жан жүректерімен ұғып, Президентіміздің сындарлы ұлттық саясатына, Қазақстан халқы Ассамблеясының Отанымыздың өркендеуінің сенімді тірегіне айналғанына бірауыздан қолдау білдірді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де заң алдында тең екенін қадап айтты. Оның жарқын үлгісін барлық қазақстандықтар іс жүзінде айқын сезініп отыр. Облыста бүгінде 40 мыңға жуық украиндық тұрады. Ұлттық дәстүрлерімізді қастерлеп, ана тілімізді біліп-үйренуге барлық жағдай жасалған. 2050 Стратегиясының талаптарын орындауға бағытталған шараларға белсенділікпен қатысып келеміз.
Өзіме келетін болсам, орыс мектебінің 11-сыныбында оқимын. Соған қарамастан, мемлекеттік тілді меңгеруге ден қойып жүрмін. Қазір жетік үйреніп қалдым. Өйткені, Қазақстан – Отанымыз, тағдырымыз бір. Туған еліміз, кіндік қанымыз тамған жеріміз Қазақстан болғандықтан, онсыз келешегімізді, болашағымызды елестетудің өзі қиын. Бәріміз де біртұтас Тәуелсіз елдің біртекті балаларымыз.
Елбасы біз сияқты жас ұрпаққа үлкен сенім артып, келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра ету аманатын, экономикамыздың дамуы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы үшін ортақ жауапкершілік, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру талаптарын жүктеді. Бір-біріміздің жақсы қасиеттерімізді білуге шақырды.
Осылайша, қазақстандық бейбітшілік, руханият пен келісім мәдениетінің жеті арқаулық қағидаттарын бойымызға сіңіріп, сессиядан рухтанып қайттық.
Наталья ПЕТРОВА,
украин этномәдени бірлестігінің мүшесі.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғ.Мүсірепов ауданы.

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше