«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген даналық сөзді қазақ халқы айтқан. Мұндай сөзді татулықтың тамырын терең түсінетін, бірліктің парқын өзгеден жақсы білетін, тұтастықтың пайдасын ұғынатын ел ғана айта алады. Ал қазақ халқы – ежелден тұрақтылық пен татулықты ту еткен ел. Олай болмаған жағдайда, бүгінде Қазақстанды мекен еткен өзге ұлт пен ұлыстың өкілдері бұл жерде тұрақтап қалмас еді. Осындай достық пейілдің арқасында өзге этнос өкілдері Қазақстанды туған отаны санайды.
Өткен аптаның соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтті. Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасады. Президент сөзін аса үлкен ынтамен тыңдадық.
Нұрсұлтан Әбішұлы елімізде қалыптасқан тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін жеті түрлі құндылықты басшылыққа алу керектігін көлденең тартты. Ал осы құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы ретінде халқымыздың бірлігін атады. «Этностық, тілдік, діни және әлеуметтік айырмашылығына қарамастан, бүкіл қазақстандықтар тең құқылы. Бізде қысым жасаудың кез келген түріне, бейбітшілік пен келісімге қолсұғушылықтың кез келгеніне мейлінше жол жоқ және ол заңмен қатаң қудаланады», деді Елбасы. Өз басым Мемлекет басшысының осы сөзін барша қазақстандықтардың бейбіт өмір сүруі үшін жасалған кепілдік ретінде қабылдадым.
– Қазақстанда мемлекеттік тілдің рөлі, орыс тілінің ресми мәртебесі және барлық этностар мен олардың мәдениеттерінің тең жағдайда дамуы туралы мәселе шешімін тапқан. Биыл біздегі тілдер туралы алғашқы заңға 25 жыл толады. Болашақта бүкіл азаматтардың мемлекеттік тілді білуі бізді бұрынғыдан бетер теңдестіріп, бірлікті нығайта түседі. Міне, ширек ғасырдан бері біз тіл саясатында айқын бағытпен келеміз – мемлекеттік тілді біртіндеп дамытудамыз және бүкіл этностар тілдерінің дамуы үшін жағдайлар жасаудамыз. Бүгінде тұрғындарының көпшілігі кем дегенде екі тілде сөйлейтін және ойлайтын елдер көп емес,– деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл Қазақстанда тіл мен дінге қатысты, салт пен дәстүрге байланысты, әрбір ұлт пен ұлыстың мәдени-рухани өміріне орай ешқандай алауыздықтың жоқтығын айқындайды. Бәріне бірдей жағдай жасалған. Ал мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне өзге этностардың барлығы мүдделі болуы керек. Өйткені, ол – біздің мемлекетіміздің тілі.
Сонымен қатар, Президент тұрақтылық пен келісім әрбір әкімнің күнделікті жұмысының ең басты бағдары болуы керек деп атап көрсетті. Сайып келгенде, Президенттің ең басты мақсаты еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты мызғымастай сақтау екендігі көрініп тұрды. Ассамблея мүшелерінің бәрі де осы іске қолдарынан келген көмегін жасап, Президенттің көмекшілері болуы керек деп ойлаймын. Соны әрбір Ассамблея мүшесі түсінуге тиіс.
Людмила ЛИ,
облыстық «Lev ami» еврей қоғамдық-мәдени
бірлестігінің жетекшісі.
ҚЫЗЫЛОРДА.

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет татамиге шығып, жеңіліс тапты
Спорт • Бүгін, 18:19
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Бүгін, 17:39
Жамбылдықтар көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 17:19
Теннис үстеліндегі сенсация: AI-робот кәсіби ойыншыларды жеңді
Теннис • Бүгін, 16:11
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:59
ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?
Әлем • Бүгін, 15:35
Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған
Әлем • Бүгін, 15:04
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Спорт • Бүгін, 14:44
Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 14:28
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32