Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында «Дамудың сыры – бірлікте, Табыстың сыры –тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қарашаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар. Ортақ ордамыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат», деп орынды пікір айтты.
Шындығы да солай, біздің басты мақсатымыз біреу, ол –Қазақстандағы ұлтаралық татулықты сақтау, елімізді әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына енгізу. Тәуелсіз Қазақстанды Отаным деп білетін, отандық экономиканың қарышты қарқынмен өркендеуіне өзінің үлесін қосқысы келетін шынайы патриоттар осынау ұлы мақсат жолын ұстанады. Біз еліміздегі татулықты, экономикалық өркендеуді ештеңеге айырбастамаймыз. Біреулер байлық жиып, шетел асып, енді біреулер тарихи Отанына кетіп жатқанда да Қазақстанды өзінің құтты мекеніне балаған болгарлар үдере көшуді ойлаған жоқ. Өйткені, кіндік кескен, өсіп-өнген елден қымбат ел бола ма екен?
Дәл қазір мен үшін татулық мекеніне айналған бір ғана ел бар. Ол – Қазақстан. Елбасы орынды атап көрсеткендей, Қазақстанның қуатты елге айналуының ең басты сыры – көп ұлтты халқымыздың бірлігінде. Біздің бірлігіміз әлемдегі барша елге өнеге болып отыр. Жаһан жұрты Қазақстандағы татулыққа қызығып та қарайды, қызғанып та қарайды. Біз ұлтаралық бірлігімізді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білуіміз қажет деп ойлаймын. Міне, осы орайда алдағы жылдың Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып белгіленуінің өзі ынтымағымызды ырысты етуге, бірлігімізді баянды етуге ықпал етеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі ұлтаралық татулықты одан әрі бекіте түсудің басты тетігі болғанына әлем елдері назар аударып отыр. Өйткені, Қазақстаннан өзге бірде-бір елде тұрақтылықты бекемдейтін дәл осындай қоғамдық ұйым жоқ. Бірлікті сақтау арқылы біз әлемге өнеге көрсеттік.
Юрий КУСТАДИНЧЕВ,
«Возрождение» болгар этномәдени
бірлестігінің жетекшісі.
Атырау облысы.

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет татамиге шығып, жеңіліс тапты
Спорт • Бүгін, 18:19
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Бүгін, 17:39
Жамбылдықтар көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 17:19
Теннис үстеліндегі сенсация: AI-робот кәсіби ойыншыларды жеңді
Теннис • Бүгін, 16:11
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:59
ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?
Әлем • Бүгін, 15:35
Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған
Әлем • Бүгін, 15:04
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Спорт • Бүгін, 14:44
Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 14:28
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32