Сенатта Қазақстан-Марокко қатынастарының ауқымды мәселелері және халықаралық саладағы өзекті тақырыптар төңірегінде төрағалардың арасында жемісті әңгіме өрістеді. Қ.Тоқаев жоғары мәртебелі мейманның сапары парламентаралық байланыстардың маңызды орын алатын өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Осыған байланысты жүздесушілер екі елдің парламенттеріндегі депутаттардың ынтымақтастық топтарындағы жұмысына жан-жақты жәрдемдесуге уағдаласты.
Қазақстан Сенатының Төрағасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат ететін «Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асырылуының басталғаны туралы айтты. Ол Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Марокконы қатысуға шақырды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы ретінде Қ.Тоқаев 2015 жылға жоспарланған бесінші съезге әзірлік туралы хабардар етіп, оған Марокконың жоғары саяси деңгейде қатысу мүмкіндігін талқылады. Сенат Төрағасы: «Қазақстан Марокконың Королі Мұхаммад VІ-ның дінаралық үнқатысуды дамытуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалайды. Сондықтан біздің елдеріміз мұсылмандар және Батыс елдері арасындағы түсіністік пен бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған бірлескен бастамаларды көтере алады», деп атап өтті. Қ.Тоқаев Марокко Королінің алдағы жылғы съезге қатысатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Марокко Парламенті жоғарғы палатасының Төрағасы қазіргі кездегі Марокконың дамуы, араб әлеміндегі және Африка құрлығындағы жағдай туралы жан-жақты айтып берді. Елде конституциялық реформа жүргізіліп жатыр, саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеу қамтамасыз етілуде.
Кездесу қорытындысы бойынша журналистер алдында сөз алған М.Биядилла Еуропа мен Азия арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы Қазақстанның елеулі үлесін атап өтіп, біздің еліміздің тұрақтылық пен даму қарқынын жоғары бағалады.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Марокко Королі Мұхаммад VІ ішкі саяси және аймақтық тұрақтылыққа зор мән береді. Сонымен қатар, екі мемлекеттің басшылары өркениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуға жан-жақты жәрдемдесіп келеді. Мұндай үнқатысу қауіпсіздікті нығайтуға елеулі түрде ықпал етеді», деп атап өтті ол.
Мейманның айтуынша, Қазақстан мен Марокконың, тұтастай қарағанда, ынтымақтастығын одан әрі дамытуда, оның ішінде баламалы энергетика мен ауыл шаруашылығы салаларында көптеген ортақ мүдделері мен мүмкіндіктері бар.

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше