Астанада Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі аймақтық кеңестер басшыларының республикалық семинар-кеңесі өтті.
Кеңес барысында «Нұр Отан» партиясы Доктринасының тұрғысында Қазақстанда жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің, партияның азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекетінің тиімділігін арттыру, ЖҚРҚК-нің басшылығымен және құқық қорғау органдары жанындағы Қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимылда аймақтық қоғамдық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру және рөлін арттыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Кеңесте құттықтау сөзден кейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек: «Жаңа кезеңдегі жемқорлыққа қарсы жұмыстың негізгі мақсаты азаматтардың санасында жемқорлық көріністеріне қатысты «мүлдем төзбеушілікке» қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Елбасының тапсырмасына сәйкес бұл жұмысты жүйелі түрде, бүкіл ел ауқымында жүргізу қажет және «Нұр Отан» оның айналасына барлық құрылымдық саяси күштер мен азаматтық қоғам институттарын біріктіріп, осы мәселені шешуде алдыңғы қатарда болуы тиіс», деп атап көрсетті.
«Нұр Отан» партиясының Доктринасында атап көрсетілгендей, «Жемқорлықпен күрес бәріміздің және әрқайсымыздың міндетіміз болып табылады. Жемқорлық мемлекеттілік пен демократияның негізін әлсіретеді. Сондықтан партия жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау үшін және қоғамда оның кез келген көрінісіне төзбеушілікті қалыптастыру үшін жүйелі жағдайлар жасайтын болады. Мемлекеттік басқару жүйесі қоғамдық бақылау үшін барынша айқын және қолжетімді болуы тиіс».
Осы саладағы анағұрлым кең тараған қылмыстар лауазымды адамның пара алуы және қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденуі немесе талан-таражға салуы, алаяқтық белгілері бойынша қылмыстар болып табылады.
ЖҚРҚК-нің басты міндеті – жемқорлыққа, экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға жол беретін, жағдайлар жасайтын себептерді айқындау мақсатында мемлекеттік органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру, жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу бойынша халық арасында алдын алу жұмысын жүргізу.
Жемқорлықпен күрес партия мүшелерінің арасында да жүргізіледі. Соңғы жарты жылда партия мүшелерінің саны 25 мың адамға азайды. Бұл үдеріс партия құрамының сапасын түбірімен жақсартуға бағытталған партияның жүргізіп отырған саясатымен түсіндіріледі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде партия тәртібінің, Жарғы талаптарының өрескел бұзылуына жол берген, мүшелік жарна төлеуден жалтарған, сондай-ақ, қандай да бір негізде партиямен байланысын үзген адамдар партия қатарынан шығарылды. Партия қатарынан шығарылғандардың ішінде жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар жасаған азаматтар да бар.
Үстіміздегі жылы «Нұр Отан» жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама әзірлеуде, онда жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жұмыстың бірқатар басты бағыттары айқындалатын болады. Басты мақсат партия механизмдері арқылы қоғамдық айыптауды қамтамасыз ету, халық арасында жемқорлықты құптамау болады. Осы жобаны даярлаған кезде халықаралық тәжірибе ескеріледі және азаматтық қоғам өкілдері бірлесіп жұмыс істеуге қатыстырылады.
«Егемен-ақпарат».

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше