Футбол • 14 Маусым, 2022

Ұлттар лигасы: Франция Хорватиядан жеңілді

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші турының екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттар лигасы: Франция Хорватиядан жеңілді

Бұл күнгі негізгі кездесулер А лигасы бірінші тобында болды. Өз алаңында Франция Хорватияға 0:1 есебімен жол берсе, Дания Австрияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, Франция төрт ойында небәрі екі ұпай алды, турнир кестесінде көш соңында тұр.

Осылайша олар жанкүйер сенімінен шыға алмай келеді.

Сондай-ақ В лигасы екінші тобында Исландия мен Израиль 2:2 есебімен тең түсті. Ал С лигасы үшінші тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан Словакияны 2:1 есебімен сүріндірсе, Әзербайжан Беларусьті 2:0 есебімен жеңді.

Енді 14 маусымда UEFA Ұлттар лигасының төртінші тур ойындары мәресіне жетеді. Одан кейінгі ойындар қыркүйек айында жалғасады.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Ең қиын есеп шешімін табады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Кофе жасартады

Таным • Бүгін, 08:30

Астанада – әлем кубогі

Бокс • Бүгін, 08:25

3 тұрғыны бар мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сөз қазынасын зерделеген

Тұлға • Бүгін, 08:15