Оқиға • 20 Маусым, 2022

Атырауда екі адам үйінді астында қалды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жеке тұрғын үйдің жанынан шұңқыр қазып жатқан екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалып, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда екі адам үйінді астында қалды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 18 маусымда болған.

«Атырау қаласындағы «Жұлдыз» шағынауданында орналасқан жеке тұрғын үйдің жанынан екі ер адам шұңқыр қазып жатқанда су құбыры жарылып кеткен. Соның салдарынан шұңқырға топырақ үйіндісі құлап, екі адамды басып қалған. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды», делінген хабарламада.

Қайтыс болғандардың бірі 1989 жылғы, екіншісі – 1999 жылы туған. Қазір полиция қызметкерлері осы дерекке байланысты тергеу амалын жүргізіп жатыр.

«Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше