Қазақстан • 23 Маусым, 2022

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанға көңіл айтты

1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанға көңіл айтты

«Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінен көптеген адам қаза болуына байланысты ауған халқының қайғысына ортақпыз. Қазақстан халқы мен басшылығы атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Тезірек сауығып, қалыпты өмірге оралуды тілейміз», делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, сәрсенбіде Ауғанстанда магнитудасы 5,9-6,1 балл  жер сілкінісі болды. Оқиға Пәкістанмен шекаралас оңтүстік-шығыс Хост қаласынан 44 шақырым жерде болған.

 

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05