Қоғам • 04 Шілде, 2022

Ішкі істер органдарында бірқатар тағайындау болды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер органдарында бірқатар тағайындау болды

«Өткен аптаның соңында Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасының бастығы болып Дулат Жұмағұлов тағайындалды. Ол бұрын осы басқармада бастықтың орынбасары болып қызмет атқарған болатын», деді министрлік баспасөз қызметінің өкілі.

Сондай-ақ оның дерегінше, министрдің бұйрығымен Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары болып Оралбек Омаров, Қостанай облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне Бауыржан Әбенов бекітілді.

«Ал Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметіне Нариман Акбаров тағайындалды», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше