Форум негізгі бағыттар бойынша «Жасыл» университеттер қозғалысын дамытудағы студенттік ұйымдардың рөлі», «Қазіргі заманғы университеттерде «жасыл» білім беру жобасы: жүзеге асыру жолдары және болашағы», «Әлеуметтік жобалар: тұрақты дамуға бағытталған студенттік бастамаларды коммерциялау», «Студенттік экологиялық жобалар мен бастамаларды дайындау және іске асыру» сияқты тақырыптарды қамтыған келелі мәселелерді талқылады.
Форумға қатысушылар географиясы ауқымды. Оған ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы және БҰҰ-ның, Ресейдің, Белоруссияның, Әзербайжанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Украйнаның, Қазақстанның, Қырғызстанның жоғары оқу орындарының студенттік және жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жастар саясаты саласында жұмыс істейтін сарапшылар мен мамандар қатысты.
Форум аясында қатысушылар мен қонақтарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми мектептерінің экология, тұрақты даму, табиғатты пайдалануды басқару, сонымен қатар, әртүрлі бағыттағы ғылыми-инновациялық жетістіктері, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары, сондай-ақ сәндік-қолданбалы ұлттық өнер көрмесі ұйымдастырылды.
Форум студенттерді «жасыл экономикаға» өту үдерісіне белсенді тарту мақсатын көздейді. Осы ретте халықаралық ынтымақтастыққа арқа сүйеп, алыс-жақын шетелдегі жас замандастардың ғылыми байланысын нығайта берген абзал. Болашақ энергоэкологиялық даму саласындағы білімді терең игерген жас ұрпақтың қолында. Білімнің бәсекеге қабілеттілігін нақ осы тұрғыда сынға салу ғанибет.
Форум жұмысын түйіндеген қарарда «жасыл экономикаға» өтуге «Қазақстан-2050» Стратегиясында үлкен мән берілгендігі аталып өтілді. Сөйтіп, осы орайдағы ғылыми негізделген инновациялық қағидалар мен жаңашыл бастамаларды ілгері жылжытуға үндеді. Міне, бұл ретте энергоэкологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму саласындағы әлемдік білім кеңістігіндегі ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытудың маңызы зор. Жастар ұйымдарымен, белсенді жастармен кездесу өткізу, тәжірибе алмасу және студенттердің экологиялық жобалары мен бастамаларын іс жүзінде орындауды қарқындата қолға алған жөн. Сондай-ақ, жаңа идеяларды қалыптастырып, оны жүзеге асыруды көздейтін белсенділер қоғамдастығының «Жасыл бастама» идеясын қолдау қажеттігі баса айтылды. «Жасыл» экономика жолына тұрақты даму аймағындағы университеттерді жұмылдыру үшін «Жасыл кампус» қағидаттарын енгізуді ескеру керек. «Smart University» және «Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» инновациялық жобаларын жүзеге асыру бойынша тәжірибелік қадамдарды баулып, сонымен қатар жастардың ғылыми білімдарлығын дамытуға негізделген пәнаралық жобалар әзірленуі – уақыт талабы.
«Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» бағдарламасы негізінде ЭКСПО-2017 ғажайыбын жүзеге асыруға да белсенді атсалыспақпыз. Осы ретте «жасыл» экономика және табиғатты пайдалануды басқару саласындағы мекемелер қызметтерін насихаттау күн тәртібінен түспеуі тиіс. «Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» ұлттық форумын алдағы уақытта консорциумға қатысушы басқа мемлекеттерде де өткізу жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Әділхан ОРАЗБАЕВ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультеті
энергоэкология кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты.
АЛМАТЫ.

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25