Аймақтар • 06 Шілде, 2022

Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнында мердігер компанияда еңбек ететін жұмысшының денесі иабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Теңіз кен орнына қарасты «Сенімді құрылыс» ЖШС жұмысшысы 5 шілдеде түнгі мезгілде өзіне қол жұмсағаны анықталды.

«Біздің компанияға мердігер кәсіпорын – «Сенімді құрылыс» ЖШС қызметкерлерінің бірі тіршілік белгілерінсіз табылғаны туралы хабар берілді. Бұл туралы тиісті мемлекеттік органдарға дер кезінде хабарланды», деп мәлімдеді «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

Түнгі ауысымға шығып, жұмыс орнында асылып қалған жұмысшының жасы 28-де еді. Оның денесін бірге жұмыс істейтін әріптестері тауып алған. Жұмысшының өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған дерекке байланысты тексеру мен тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025