– Мен үшін тәуелсіздігіміздің алтын бесігі әсем Алматыда осындай мерекенің үстінде өздеріңіздей ұлт зиялылары – аға буынмен жүздесу үлкен мәртебе. Өйткені, жиырма жыл абыроймен жұмыс атқарып, тәуелсіздік жылнамасын жасауға атсалысып, биыл елмен бірге он бес жылдығын тойлап отырған партиямен бірге жасап келе жатқан «Түркістан» газетінің мерейтойы тек басылымның ғана емес, жалпы қазақ баспасөзінің қуанышы дер едім, деп сөз бастаған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, одан әрі «Нұр Отан» партиясы үшін БАҚ-пен тығыз байланыста болып, өзара ынтымақтасу өте маңызды екенін, бұл ретте «Нұрмедиа» тобына қарасты ақпарат құралдарын заман талабына сай дамыту, қазақ тілді оқырманның қажетін қамту мәселесі айрықша басымдыққа ие болатынын тілге тиек ете кетті.
Сондай-ақ, торқалы тойға арнайы келген қонақтар – Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Алтай Әбибуллаев, Мәдениет министрінің орынбасары Асқар Бөрібаев, Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов, халықаралық Қазақ ПЕН-клубының президенті, «Central Azia Monitor» газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин өз тілектерін білдірді.
Кеште жария етілген Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің, Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің атынан келген құттықтаулар басылымның беделін арттыра түсті. Бірқатар облыстық әкімдіктердің, жоғары оқу орындарының өкілдері де келіп құттықтады.
«Түркістан» газеті мерейтойға орай Алаш арыстары аңсаған Тәуелсіздік тақырыбына арнайы бәйге жариялаған болатын. Осы кеште «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шыққан жүлдегерлер де марапатталды.
Әдемі кешті қазақтың аса көрнекті қаламгері, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов:
– Біз бүгін түркі әлемінің рухына тағзым етуге келіп отырмыз. Біз ұмытыла жаздаған ұғымды «Түркістан» газетін ашып, тірілтіп алдық. Сол арқылы жоғалтып бара жатқан рухымызбен қауышқандай болып қуандық, – деген ақсақалдық сөзімен қорытты.
Кештің өн бойында Қазақстанның өнер майталмандары күмбірлетіп күй төгілтіп, әннен шашу шашты.
Жазар көбейсін, қаламдарыңыз мұқалмасын, той құтты болсын, әріптестер!
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген Мақсат ҚҰСАЙЫНОВ.

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35