Оқиға • 07 Шілде, 2022

Атырауда жасөспірімді тепловоз қағып кетті

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда теполовоз қағып кеткен 17 жастағы жасөспірім жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жасөспірімді тепловоз қағып кетті

Атырау темір жол станциясындағы желілік полиция бөлімінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше, 6 шілдеде сағат 17:00 шамасында болған. Жергілікті колледждің студенті жолды қысқарту үшін «Қара депо» шағын ауданындағы теміржолды кесіп өтпек болған. Жасөспірімді «Ақжайық-Теңдік» теміржол өткелінде тепловоз қағып кетті.

Машинистің айтуынша, теміржол бойында келе жатқан адамды байқаған. Алайда, тежегішті басқанымен, тепловозды тоқтатуға үлгермеген.

«Қазір аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан темір жол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Қара депо» – Атырау қаласындағы шағын аудандардың бірі. Тұрғындар бірнеше жылдан бері теміржол үстінен өткел салу мәселесін қозғап келеді. Жергілікті әкімдік 3 жыл бұрын «Қара депо» мен «Химиктер» кенті аралығында жаяу жүргіншілер көпірін салу жобасы қолға алынатынын хабарлаған еді. Алайда, жоба іске асырылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25