Білім • 13 Шілде, 2022

Биыл жоғары оқу орындарына 88 мыңнан астам грант бөлінді

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жоғары оқу орындарына бөлінген грант санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл жоғары оқу орындарына 88 мыңнан астам грант бөлінді

«Бүгіннен бастап Қазақстанның бүкіл өңірлерінде қабылдау комиссиясы құжат қабылдауды бастады. Жергілікті жоғары оқу орындарының және ұлттық тестілеу орталығының өзінде құжаттар қабылдануда. Науқан бүкіл ЖОО негізінде ұйымдастырылған. Кез келген талапкер құжаттарын оқу ордасына барып немесе онлайн түрде тапсыруға мүмкіндік ұсынылып отыр. Zoom, Teams платформалары, телефон арқылы тапсырып, құжаттарын поштамен жолдауына болады», деді С.Нұрбек.

Оның айтуынша, биыл бакалавр мен магистратураны қоса алғанда 88 111 грант бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Олардың ішінде 73 мыңы бакалавриат мамандықтарына арналған.

«Биылғы жылдың ерекшелігі – Президент тапсырмасына сәйкес басымдық техникалық-инженерлік мамандықтарға беріліп отыр. Яғни, аталған бағытқа 60% грант бөлінді», деді министр.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37