Оқиға • 19 Шілде, 2022

Шымкентте жылқыларға соғылған көлік жүргізушісі қайтыс болды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте жол жиегіндегі жылқыларға соғылған көліктің жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте жылқыларға соғылған көлік жүргізушісі қайтыс болды

Оқиға Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Абдулабад ауылы, Абдулабад көшесінің бойында болған. Сағат 20:00 шамасында 4 жолаушысы бар «ВАЗ 21099» маркалы автокөлік жол бойымен өтіп бара жатқан жылқыларды қағып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан, қарсы бағытта келе жатқан «Volkswagen Passat» маркалы жеңіл көлікпен соқтығысқан.

Жол көлік оқиғасынан тағы 4 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

«Аталған оқиға бойынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше