Аймақтар • 04 Тамыз, 2022

Шымкентте жалған шот-фактура жасағандар сотталды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі 1,5 млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасағандарды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған агенттікке сілтеме жасап.

Шымкентте жалған шот-фактура жасағандар сотталды

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын жалған шот-фактура жазумен айналысқан азаматтар М.А.Ажибаевқа, А.О.Акыновқа және А.Ақынға қатысты қылмыстық істі тергеп, сотқа жіберді.

Сот үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркіленумен кәсіпкерлік және қаржылық қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025