ANTIKOR • 11 Тамыз, 2022

Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдегі бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді

Әкімдік пен «Тобыл ӘКК» АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан 420 тг/кг жеңілдік құны бойынша кезектен тыс және нормадан тыс таңдап алған кәсіпкерлерге берген.

Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 кг-ға дейін қантты үлестірген.

Бұдан әрі, таңдалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатқан.

Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 кг қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ өңірлерде әлеуметтік маңызы бар проблемалар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28