Елорда • 16 Тамыз, 2022

Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада намаз уақыты кезінде мешітте ұрлық жасаған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды

22 жастағы мигрант елордаға маусым айының соңында келген. Шетелдіктің 6 ұрлық фактісіне қатысы бар. Ұрланған заттардың ішінде ақша мен ұялы телефондар болған.

Күдікті қылмыстық әрекетінің бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген. Бейнетаспаларда оның ұяшықтардан сөмкелерді алып, ұрлық жасағаны жазылған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол кінәсін мойындады, полицейлер заттай айғақ ретінде төрт телефон тәркіледі.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025