Аймақтар • 16 Тамыз, 2022

Табиғи сүт өнімдері артады

634 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ауылдың ағарғаны қалалықтар үшін арман болған заман. Дүкенде сатылатын пастерленген сүтті үйдегі балаларға жылытып беріп, әйтеуір сүт ішкеніне мәз боламыз. Құрамында «өлі сүт» - ұнтақ түріндегі қоспаның барына да бас ауыртпайтын болдық. Қазір нарықта бұл өнімнің түрі көп болғанымен, қойытылған сүт, қорапқа құйылып, жыл бойы сақтала беретін, майлылығы жоғары сүт дегенді біздің еліміз өндіруді меңгере алмай отырғаны да шын. Дей тұрғанмен, өңірде тауарлы сүт фермаларының саны артып келе жатқаны дәтке қуат. Павлодар облысындағы бұл фермалардың шикізаты соңғы жылда 38 мың тоннаға дейін өскен.

Табиғи сүт өнімдері артады

Ауыл шаруашылығы басқар­ма­сының мәліметінше, сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында облыста жалпы қуаттылығы 17,5 мың бас ірі қара ұстайтын 36 та­уарлы сүт фермасы жұмыс іс­тейді. Оның үштен бір бөлігі соңғы екі жылда іске қосылған.

– Нәтижесінде, сүт өндірісі 38 мың тоннаға артты. Сүт фермаларын дамыту бойынша инвестиция көлемі 43 млрд тең­ге­ні құрады. Бұйырса, алдағы уа­қыт­та бұл шаруашылықтардың саны тағы сегізге өседі. Қазір құ­рылу сатысында тұрған фер­ма­лар толық пайдалануға беріл­ген­де сүт өндіру көлемін 43 мың тоннаға дейін арттыруға мүм­кін­дік бар. Бұл жобалар бойынша инвестициялар көлемі 37 млрд теңгені құрап отыр, – дейді об­лыс­тық ауыл шаруа­шылығы бас­қармасының басшысы Нұрболат Мақашев.

Сайып келгенде жыл сайын тауарлы сүт фермаларын салу есебінен сүт өндіру көлемі ұлғаюда. Тек былтырғы жылдың қорытындысы бойынша сүт шаруашылықтарындағы өнім көлемі 14%-ға көбейген. Бұл өз кезегінде облыстың сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 72%-ға дейін өсіруге жағдай жасаған. Облыста бүгінде 8 сүт өңдеу кәсіпорны бар.

Биыл сүтті мал шаруа­шы­лы­ғын дамыту саласындағы ин­вес­тициялық жобаларды іске асыру жөніндегі Жол картасына 7,3 млрд теңге бағытталып отыр. Бұл сомаға жалпы саны 2 200 сиыр ұсталатын 2 ферма салынады. Атап айтқанда, оның бірі Павлодар қаласының ауылдық аймағында «Аgro-Trade PV» ЖШС-нің қолға алуымен 1 200 бас қара малға арналып тұрғызылса, тағы бірі Ертіс ауданындағы «Ертіс» ТШ» ЖШС-інде құрылуда.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына сәйкес өңірде сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша 2 негізгі бағыт көзделіп отыр. Оның алғашқысы, әр сиырдан алынатын сүттің жылдық көлемін көбейту. Биыл әр сиырдан алынатын сүт 2 678 килограмм болады деп болжануда. Егер тұрақты өсім сақталса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 2 693 килограмға жеткізілмек.

Екінші бағыт, сүт өндіру және қайта өңдеу бойынша эко­жүйені құру шеңберінде 9 инвес­ти­циялық жобаны іске асыру. Оның үштен екісі биылға, қал­ға­ны келесі жылдың еншісіне қал­ды­ры­лып отыр.

Осылайша, сүтті мал шаруа­шы­лығын дамыту үшін мемле­кет­тік қолдау үзілмесе сүт өнді­рі­сі өңірде 1,9 есеге дейін артады деп жоспарлануда. Шикізат көбе­йсе, өңірдегі зауыттардың жүк­темесі 83%-ға дейін ұлғаяды.

 

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Астықты өңірдің сенімі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:50

130 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Аға буынның өнегесі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:43

Аға ұрпақ – асыл қазына

Қоғам • Бүгін, 09:40

Ұйымшылдықпен өткен күн

Референдум 2024 • Бүгін, 09:38