Оқиға • 17 Тамыз, 2022

Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарлық полицейлер күн сайын құқық бұзушылықтарды анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізеді. Оның ішінде алкоголь өнімдерін заңсыз сатуды анықтау мақсатында дүкендер мен сауда нүктелеріне тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді

Мәселен Май ауданы Ақшиман ауылының  тұрғыны лицензиясының жоқтығына қарамастан, үйінде алкоголь мен темекі өнімдерін сатқан. Тексеру барысында «Парламент» маркалы 77 қорап темекі және 1200 - ден астам спирттік өнімдер алынды. Оның ішінде 334 шөлмек, 200 литр пластмасса ыдысқа құйылған арақ және коньяк өнімдері мен 500 бөтелке сыра тәркіленді.

- Заңнама талаптарын бұзғаны үшін 44 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 200, 282 және 463-баптары бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Павлодар облысы Май аудандық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмабаев.