
«Геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан жиынтықтауыштар жеткізілімі тоқтатылды. Осы уақытқа дейін кәсіпорын қорда қалған жиынтықтауыштарды пайдаланып жұмыс істеді, сондай-ақ Hyundai Motor Company-мен басқа елдерден жиынтықтауыштарды жеткізуге шұғыл квота туралы келісті. Қазіргі уақытта болашақтағы жеткізілімдер және жаңа логистикалық тізбектер туралы мәселе пысықталуда», делінген компания хабарламасында.