
«28 тамыздан 29 тамызға қараған түні Airbus A320 ұшағы KS955 Алматы-Нұр-Сұлтан рейсін орындады. Қону қалыпты режимде өтті. Экипаж мәліметінше, ұшақ қонуға жақындаған кезде екі қозғалтқышқа құс кіріп кеткен. Ұшудан кейінгі тексеру қозғалтқыштарға құстардың соғылғанын растады», делінген әуе компаниясының хабарламасында.