Оқиға • 08 Қыркүйек, 2022

ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында «Өскемен-Алматы» тасжолының 45-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Toyota Ipsum көлігінің 24 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, алдында келе жатқан Камаз 5320 көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің екі жолаушысы (1984 және 1978 ж.т. ер адамдар) оқиға орнында қайтыс болған. Аталған көлікте болған 24 жастағы жүргізуші мен оның екі жолаушысы (1982 жылы туған ер адам мен 2002 жылы туған жігіт) түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4 бөлігі 345-бабы «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35