Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2022

Ескерусіз қалмаған ерлік

225 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Төрт адамның өмірін құтқарып қалған шар­бақтылық азамат Ерке­бұлан Жүзбаевты Пав­лодар облысының әкі­мі арнайы барып құттық­тады. Әбілқайыр Сқақов ержүрек азаматқа «Об­лыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісін тапсырып, оның ерлік ісі жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

Ескерусіз қалмаған ерлік

Отбасы күніне орай Пав­лодар облысында 554 отбасына көмек көрсетілді. Облыс әкімі бастаған қайырымдылық акциясын өңірдегі мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, демеушілер мен мәслихаттар депутаттары қолдады. Азық-түлік жиынтықтарынан басқа аз қамтылған отбасылардың қажеттілігі үшін 35,5 тонна көмір, 24 тонна шөп, 55 текше метр отын бөлінді және қаржылай көмек көрсетілді.

Жуықта Павлодар-Шар­бақты тас жолында өртке оранған автокөліктен төрт адамды алып шығып, өмір­лерін құтқарып қалған Ерке­бұлан Жүзбаевтың үйіне бар­ған аймақ басшысы оның батыр­лық әрекетіне қандай мақ­тау айтса да жарасатынын жет­кізді. Ерлік жасаған азаматты «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттады. Отбасы күнімен құттықтап, отағасына қаржы­лай сертификат тапсырды.

– Сіздің жасаған ерлігіңіз жұртқа үлгі болуы керек. Об­лы­сымызда айналасындағы адам­дардың тағдырына бейжай қарамайтын сіз сияқты азаматтардың бар болғанын мақтан етемін. Өңір тұрғын­дары атынан ерлігіңіз үшін алғыс білдіремін, – деді Әбіл­қайыр Сқақов.

Естеріңізде болса, қыр­кү­йек айының басында Крас­но­армейка стансасында темір жол монтёры болып жұмыс істейтін Еркебұлан Жүзбаев өртке оранған көліктен төрт адамды құтқарып қалған болатын. Апат Павлодар – Шар­бақ­ты автожолының Маралды стансасы маңында болған. Audi 100 көлігі КамАЗ-дың тіркегішіне соғылып, кейіннен өртене бастаған.

42 жастағы Еркебұлан Жүз­баев зайыбымен бірге екі қыз тәрбиелеп отыр. Қазір ол отбасымен тұрып жатқан бас­панасын жөндеуде. Сыйлық қаражатты құрылыс материалдарын сатып алуға жұмсаймын, дейді отағасы.

 

Павлодар облысы,

Шарбақты ауданы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15