Елорда • 16 Қыркүйек, 2022

Елордада Еңлік-Кебек көшесі жабылады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Еңлік-Кебек көшесіндегі учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Еңлік-Кебек көшесі жабылады

Осы жылдың 16-17 қыркүйегінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Еңлік-Кебек көшесінің Болашақ көшесінен 189 көшеге дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», делінген хабарламада.