Қаржы • 04 Қазан, 2022

Күндізгі сауда-саттықта теңге нығайды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасының ақпараты бойынша, 15:30-да жүргізілген сауда-саттықта доллардың орташа өлшенген бағамы 472,68 теңгені құрап, тағы 2,83 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күндізгі сауда-саттықта теңге нығайды

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 8 теңгеге дейін төмендеді (-0,19).

Қытай юані мен еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық Банк юань бағамын 66,85 теңгеге, еуроны 464,15 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 473-477 теңгеден, еуроны – 460-466 теңгеден, ресей рублін – 7,25-7,55 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 4 қазандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.

Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,5%-ға өсіп, барреліне 89,33 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстері барреліне 83,94 долларға дейін 0,4%-ға қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58