
«Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторында отыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады», деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.