АСТАНА. 27 мамыр. Қазіргі кезде елімізден Беларусь мемлекетіне жыл сыйын 2-3 млрд. КВт электр қуатын жеткізуге байланысты келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Еуразиялық интеграция шеңберіндегі келісімдер негізінде Екібастұз МАЭС-1 (Мемлекеттік аудандық электр стансасы), Ақсу МАЭС компаниялары беларусьтық әріптестерімен ортақ мәмілеге келуді көздеп отыр.
Мамандардың айтуынша, қазір KEGOC акционерлік қоғамы ресейлік серіктестермен бірлесе осы электр энергиясын транзиттеу мәселелерін қарастыру үстінде.
Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы елімізден Ресейге электр қуатын жеткізуді көбейтіп қана қоймай, Беларусь елінің нарықтарына шығуға оңтайлы жағдай туғызып береді.
Осы орайда айта кетер жәйт, Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері 2016 жылы бірыңғай электр энергиясы нарығын құруға қатысты арнайы бағдарлама қабылдайды. Сонымен бірге, 2015 жылдың шілдесінде осы мәселеге қатысты тұжырымда әзірленеді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz
Фото: blogspot.com.
• 27 Мамыр, 2014
Елімізден Беларусь жеріне жыл сайын 2-3 млрд. КВт сағат электр энергиясы жеткізілмек
АСТАНА. 27 мамыр. Қазіргі кезде елімізден Беларусь мемлекетіне жыл сыйын 2-3 млрд. КВт электр қуатын жеткізуге байланысты келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Еуразиялық интеграция шеңберіндегі келісімдер негізінде Екібастұз МАЭС-1 (Мемлекеттік аудандық электр стансасы), Ақсу МАЭС компаниялары беларусьтық әріптестерімен ортақ мәмілеге келуді көздеп отыр.
Мамандардың айтуынша, қазір KEGOC акционерлік қоғамы ресейлік серіктестермен бірлесе осы электр энергиясын транзиттеу мәселелерін қарастыру үстінде.
Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы елімізден Ресейге электр қуатын жеткізуді көбейтіп қана қоймай, Беларусь елінің нарықтарына шығуға оңтайлы жағдай туғызып береді.
Осы орайда айта кетер жәйт, Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері 2016 жылы бірыңғай электр энергиясы нарығын құруға қатысты арнайы бағдарлама қабылдайды. Сонымен бірге, 2015 жылдың шілдесінде осы мәселеге қатысты тұжырымда әзірленеді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz
Фото: blogspot.com.
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше