АСТАНА. 27 мамыр. Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер арасында 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін ортақ электр энергетикасы нарығын құру туралы келісімге қол қойылады. Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік көлемінде электр энергетикасы саласында ықпалдасу үдерістері жүргізілуде.
Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің арасында электр энергетикасы саласы бойынша бұрыннан қалыптасқан үрдіс бар. Бірақ, бұл үш ел үшін ортақ электр энергетикасы нарығы жөнінде сөз қозғау әлі ерте. Өйткені, электр энергетикасы нарықтарының модельдері әртүрлі.
Бақытжан Жақсалиев: «Қазақстанда ырықтандырылған электр нарығы болса, Беларусьте мемлекеттік сатылас біріктірілген компания, ал Ресейде электр энергиясы мен қуаттар нарығы торапты бағаны белгілейді. Бір жылдың ішінде сарапшылар электр энергетикасы саласындағы мәселелерді қарастырды. Қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикасы жүйелерінің негізінде одақтың ортақ электр энергетикасы нарығын кезең-кезеңмен құру бойынша қол жеткізілген келісімдер, ұстанымдардың барлығы келісілді», – деді.
Сондай-ақ, ол 2015 жылдың 1шілдесіне дейін ортақ электр энергетикасы нарығын құру тұжырымдамасы әзірленетінін, ал 2016 жылдың 1шілдесіне дейін ортақ нарықты құру жөнінде бағдарлама қабылданатынын жеткізді.
Вице-министр: «Бағдарлама іс-шараларын іске асыруды аяқтағаннан кейін одаққа мүше мемлекеттер 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін ортақ электр энергетикасы нарығын құру туралы халықаралық келісімге қол қояды. Онда желілерді қолданудың бірыңғай ережелері де қарастырылады», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: Bnews.kz.
Фото: gazeta.kz.
• 27 Мамыр, 2014
Еуразиялық интеграция аясында ортақ электр энергетикасы нарығы құрылады

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше