АСТАНА. 27 мамыр. Көкшетаудың минералды табиғи суы сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Көкшетаудағы минералды су зауыты Ресейдің 5 облысына жеткізілуде. Алдағы уақытта еліміздің бұл өнімі Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігі нарығын қамтымақ.
Зауыттың сулары Омск, Нижний Новгород, Санк-Петербург, Нижневартовск қалаларында көптеп сатылуда. Бұл өнімдердің ішінде тәтті сусындар, газдалған алкогольсіз ішімдіктер, салқын шай бар.
Минералды су зауытының президенті Александр Самойлов: «Кедендік одақ мемлекеттері арасында қазақстандық өнімнің бәсекелестігін арттыру үшін алдымен тұтынушылардың жүрегін жаулай білу керек. Өнімнің сапалылығы мен әртүрлілігі экспорттың сұранысын арттырады.
Таза табиғи судың сапасын жоғалтпау үшін жер қойнауы да жіті зерттеліп, жаңа шикізат қорлары ашылуда. Болашақта Көкшетаудың суын ғарыш стансаларында қолдану жоспар да бар», – деді.
Кәсіпорынның вице-президенті Евгений Пятовтың айтуынша, аталған кәсіпорын 1991 жылдан бастап көптеген ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жұмыс істейді. Табиғи судың сапасын ұстап тұру үшін Германияның Фрезениуса, Украинаның Одесса және Ресейдің курортологтарымен ғылыми зерттеу бағытында кеңесіп отырады екен. Қазір отандық кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығуға дайын. Тауар шығарушы технологияларды жаңалаумен қатар, жұмысшылардың да кәсіби біліктілігін арттыру үздіксіз жүргізіліп келеді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: «24kz».
• 27 Мамыр, 2014
Еліміздің минералды табиғи суы Ресей нарығын басып қалды

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше