АСТАНА. 27 мамыр. Осыдан 3 жыл бұрын «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» жобасы аясында іске қосылған Қызылорда облысындағы құбыр зауыты өнімдерін экспорттауға сақадай-сай. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Бүгінде ішкі сұранысты толықтай қанағаттандырып отырған кәсіпорынның әлеуеті сыртқы нарықты да қамтамасыз етуге жетеді. Бұ кәсіпорынның негізгі шикізаты – полиэтилен. Зауыт құбырларының бір бөлігі коммуналдық сала, газ жүйелеріне қолданылуда. Сондай-ақ, мұнда поливенилхлорид құбырлары да шығарылады.
Зауыт инженері Нұрбек Нұрмұхамедов: «Барлық жұмыс компьютермен басқарылады. Инженер-технологтар тапсырыстың барлығын нақты белгілеп отырады. Зауыттың жылдық өнімі 16 мың тонна шамасында. Бұл өндірістің 70 пайыздық қуаттылығына пара-пар. Жоба іске асқан 3 жылдың ішінде ел сұранысын өтеп келеді. Соңғы уақытта кедендік кедергілердің жеңілдеп, алыс-берістің арта түскен шағында кәсіпорын өз өнімдерін экспортқа бағыттауға ниетті», – деді.
Ал, зауыт директорының орынбасары Арман Әбдіқадіровтың айтуынша, бұл кәсіпорын Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері қатысып отырған Бірыңғай экономикалық кеңістік нарығынан тапсырыс күтіп отыр. Зауыт берілген тапсырысты 100 пайызға орындап шығуға қауқарлы. Кәсіпорын өнімінің сапасы заман талабына сай.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: today.kz.
• 27 Мамыр, 2014
Сыр өңірінің құбыр зауыты өз өнімдерін экспортқа шығаруға құлшынып отыр

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше