АСТАНА. 28 мамыр. Алматыда зиялы қауым өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың ел әлеуетін көтерудегі ықпалын сөз етті. Бұл туралы gylymordasy.kz хабарлады.
«Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында өткен басқосуға ғылыми-зерттеу институттарының директорлары мен қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, ғылыми кітапханалардың қызметкерлері, отандық бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Алқалы жиынға қатысқан ғалымдар Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім үш елдің дамуына серпін береді деген ортақ пікір айтты.
Алматыдағы Экономика институтының директоры Сәкен Еспаев: «Үш елдің ортақ экономикалық дамуының көлемі 2,2 трлн. АҚШ долларын құрады. Кедендік одақ аясында бірігіп отырған Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің арасындағы тауар айналымы 24 млрд. АҚШ долларына жетті. XXI ғасырда елдердің экономикалық интеграцияға енуі басты қажеттілік болып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ – табысты ықпалдасудың кепілі болмақ», – деді.
Жиында айтылғандай, Еуразиялық экономикалық одақ елімізді жаңа белеске алып шағады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: gylymordasy.kz.
Фото: gylymordasy.kz.
• 28 Мамыр, 2014
Еуразиялық экономикалық одақ туралы ғалымдар оң пікір білдірді

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше