АСТАНА. 28 мамыр. Еуразиялық экономикалық ықпалдастық Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің табысын еселей түсуде. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысында бір жылда 450 мың тонна сүт өңделеді. Бұдан біз аймақтың кәсіпкерлерінің жұмысы қарқын алғанын аңғарамыз.
Осы арада ерекше тоқтала кетер жәйт, Петропавлдағы сүт зауытынан шығарылған өнімнің 30 пайызын көрші Ресей елі сатып алады. Бүгінде осы зауытта 220 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылған. Олар тәулігіне 300 тонна таза өнім шығарады.
Зауыт директоры Роза Сүлейменова: «Ең бастысы, сүттің сапасына назар аударамыз. Өнімді облыс көлеміндегі шағын қожалықтардан, ірі кәсіпорындардан аламыз. Бәсекеден қорықпаймыз. Еуразиялық экономикалық одақ біз үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашып беріп отыр», – деді.
Бұл өндіріс орны «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. Сондықтан да, зауыт өнімінің сапасы жақсарып, бәсекеге қабілеттілігі артқан.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: strategy2050.kz.
• 28 Мамыр, 2014
Еуразиялық экономикалық одақ біз үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше