Руханият • 15 Қараша, 2022

Шераға шығармалары насихатталды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талапты ауылындағы Шер­хан Мұртазаның әдеби-ме­мориалды үйінде жазушының 90 жылдығына орай «Қазақ­тың заңғар жазушысы – Шерхан Мұртаза» тақыры­бын­да портреттік кеш ұйым­дастырылды.

Шераға шығармалары насихатталды

Іс-шараның өтуіне облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Шерхан Мұртаза атындағы облыстық «Ру­ханият және тарихтану» орталығы мұрындық болды.

Іс-шараға қатысқан қаламгердің келіні, ардагер кітапханашы Сара Ма­димарова, Шерағаның туысқан немересі Рамазан Шоңғаров жазу­шының өздеріне айтқан аталық сөзі мен ақылы, адами болмысы туралы толғана сыр шертті. Шерхан Мұртаза атындағы облыстық «Ру­ханият және тарихтану» орта­лығының дирек­торы Сауран Қа­лиев Шераға шы­ғар­машылығына шолу жасап, қалам­гердің қазақ прозасындағы рөлі мен тағдыры туралы ой бөлісті.

Соңынан «Болашақ» мектеп-интернатының оқушылары тұғыр­лы тұлға рухына арналған арнау өлең­дерін оқып, әдемі әндерді шырқады. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері Шерхан Мұртазаның кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Кейіннен сөз алған облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азамат­тар кітапханасының директоры Жан­на Алшынбаева іс-шараға белсене қатыс­қан азаматтарға ри­зашылығын жеткізіп, сый-сияпат тапсырды.

 

Жамбыл облысы,

Жуалы ауданы

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35