АСТАНА. 29 мамыр. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Бұл тарихи басқосуға, яғни, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою рәсіміне әріптес мемлекеттердің Парламент депутаттары, зиялы қауым және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Шартта халықаралық ұйымдарға тән базалық аспектілер, мемлекеттердің теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, мүше-мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары қамтылған. Аталған одақ жөніндегі басты құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Тағы бір айта кетер жәйт, шартта шешім қабылдау кезіндегі консенсус механизмі барлық деңгейде ескерілген. Сонымен қатар, тараптардың Одақ органдарындағы кадр саясаты аясында тең қамтылуы қағидаты да қарастырылған.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Шарт сауатты, теңгестірілген, оған қатысушы мемлекеттердің барлығының мүдделерін есепке ала отырып жасалды. Ауқымды жұмыс атқарылды. Келіспеушіліктер де баршылық болғанымен, біз барлық тараптарды қанағаттандыратын ортақ консенсусқа келіп отырмыз», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: «ҚазАқпарат».
• 29 Мамыр, 2014
Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шартқа қол қойылды

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10