АСТАНА. 29 мамыр. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім-шартты ратификациялау уақытын біріздендіруді ұсынды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Астанада өтіп жатқан Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес үстінде Нұрсұлтан Назарбаев: «Құжатқа қол қойғаннан кейін, оны парламенттерімізде ратификациялау қажет. Сондықтан, біздің депутаттық корпустарымыздың алдында қазіргі кездегі ең маңызды әрі кең ауқымды Халықаралық құжаттардың бірі болып саналатын біздің бүгінгі келісім-шартымызды бекітуде үлкен жұмыс күтіп тұр», – деді. Сондай-ақ, ол: «Мен бұл жұмыстың уақытын үш елде де біріздендіріп, одақтың 2015 жылдың 1 қаңтарында толық жұмысқа кірісуін қамтамасыз етуді ұсынамын», – деді.
Мемлекет басшысы Кеден одағына мүше елдердің парламенттерінде бірігіп жұмыс істеудің мол тәжірибесі бар екенін атап өтті.
Президент: «Біздің парламенттерімізде бір уақытта ратификациялау тәжірибесі бар. Сондықтан, менің ойымша, депутаттарымыз бұл қызметті абыроймен атқарып шығады, бұл жолда біз оларға барлық құжаттарды дайындауда көмектесеміз», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: Орынбай Балмұрат.
• 29 Мамыр, 2014
Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартты ратификациялау қажет

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10