Осының алдында «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы Елбасы Н.Назарбаевтың 2010 жылғы көмір кен орындарынан метан шығару және оны кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы тапсырмасына орай, сондай-ақ, еліміздің солтүстік және орталық аймақтарын газдандыруға балама нұсқаларды зерделеу мақсатында Қарағанды көмір бассейніндегі көмір қыртысынан метан алудың мүмкіндігін іздестіруге болатын. Бұл көмірсутегі шикізатын шығару саласында инновациялық бағыттардың бірі әрі еліміздегі отын-энергетика базасының балама құрамдасын қарастыруға болжамды қоры мүмкіндік беретін дәстүрлі емес қуат көзі болып есептеледі.
Ал, «LeMarCAInc» компаниясының жөніне келер болсақ, АҚШ аумағында жаңа технологияның мүмкіндіктерінің арқасында жылына 36 млрд. м3 газ шығарылатыны белгілі. Сол елдің көмір қыртысын бұрғылаудағы алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін үйреніп әрі оны қолданысқа енгізу барысында жоғарыда аталған құжатқа қол қоймай тұрғанда бірқатар озық америкалық компаниялар тобымен келіссөздер жүргізілді. Атап айтқанда, көмір қыртысынан метан өңдейтін «CoreLaboratories» ғылыми орталығымен, өңдеу және бұрғылау технологиясын жасаумен шұғылданатын «ScientifficDrillin» компаниясымен, кен орындарын кешенді игеретін «LeMarCAInc» инжирингтік компаниясымен одан әрі бірге жұмыс атқару үшін келіссөзге қол жеткізілді.
«LeMarCAInc» жетекшілік ететін компаниялардың бұл тобы АҚШ-та және әлемде көмір және метан газын шығару бойынша толық кешенді жобаларды жүзеге асырумен шұғылданады. Оның ішінде кешенді газ дайындау және оны өңдеу, ең мықты бұрғылау схемаларын жасау, көмірді жер астында газдандыру барысында синтетикалық метан, отын және электр энергиясын алу сияқты жобалар бар.
«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы мен «LeMarCAInc» компаниялар тобының арасында құрылтайшы келісіміне қол қою жоспарланғанда тараптар заңды тұлға құруға және Қарағанды көмір бассейнінен метан шығару және барлауды жүзеге асыратын инвестициялық жобалар бойынша бірге атқаратын істерінің ретін анықтауға міндеттелген болатын. Енді, міне, жоспарланған шаруаларды алдағы кезде де бірге атқарып, метан алуға мүмкіндік туып отыр. Бұл туралы «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали былай дейді: «Осы құжаттың нәтижесінде еліміздің солтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз етуге бастау берілді. Бұл шаруаның бәрі Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасалуда». Атап өтейік, бірлескен құжатқа «ҚазТрансГаз»АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали мен «LeMarCAInc» президенті Леон Попик қол қойды. Сонымен игі іс осылайша жүзеге асырылуға жолдама алды.
Марат АҚҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10