АСТАНА. 30 мамыр. Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы парламенттік тобының бұрынғы төрағасы, нидерландтық саясаткер Коскун Чоруз Мемлекет басшысын Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі шартқа қол қойылуымен құттықтады әрі аталған одақ туралы жылы лебізін білдірді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Коскун Чоруз Нидерланд мемлекетінің Еуропамен де, Азиямен де бірлесе жұмыс істей алатындығын сөз ете келе: «Мен біздің ел мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен әріптестікті тек ұтымдылық тұрғысынан көріп тұрмын. Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің бірлескен Одағының да болашағы жарқын болатынына сенемін», – деді.
Сондай-ақ, ол әріптес мемлекеттер арасында интеграциялық байланыс орнап, одақтың құрылуы экономикалық даму тұрғысынан пайдалы екенін жеткізді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: «24kz».
• 30 Мамыр, 2014
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы даму тұрғысынан ұтымды

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10