Медицина • 22 Қараша, 2022

Аудан ауруханасының әлеуеті

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу өңіріне келіп-кететін меймандар аз емес. Аудан орталығына ат басын бұрған азаматтар сырқаттанған жағдайда жергілікті орталық ауруханаға қайырылып жатады. Мұндайда мамандар қолдан келген көмегін аямайды.

Аудан ауруханасының әлеуеті

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Жайдар Әйтішевтің айтуын­ша, өңір бойынша 56 334 адам тіркеуде тұр. Ал шалғай ауылдарда тұратын қараша халықты қолжетімді медициналық қызмет­пен қамтамасыз ету үшін жылжымалы ме­дициналық кешен ауылдарға жиі шығады.

«Біздің ЖМК ультрадыбысты аппарат, рентген  аппараты, гинекологиялық  кресло, офтальмоскоп, отоскоп, көз тонометрі, биохимиялық анализатор, электрокардиограф, глюкометр, коагулометр, пульсоксиметрмен жадбықталған.  Кестеге сәйкес ауылдарға тіс дәрігері, көз дәрігері, акушер-гинеколог, хирург, терапевт  және  ультрадыбысты құрылғы мамандары барып тұрады. 2022  жылдың 10 айында ЖМК арқылы медициналық көмекпен 28 081 адам  қамтылды, оның ішінде 15 544-і – балалар. Сондай-ақ 8 810 диагностикалық зерттеулер жасалды. Нәтижесінде, 1 418 науқас анықталды. Олардың 125-інің қан айналымы жүйесінде мәселе туындаса, 11 азаматтан қант диабеті анықталған.  Қалғаны – басқа аурулар. Жалпы, 163 адам диспансерлік есепке алынды», дейді Ж.Әйтішев.

Бүгінгі таңда жергілікті тұрғындар 30 денсаулық сақтау нысанына қайырыла алады. Ауданның медицина саласында 150 төсектік орталық аурухана, 250 келушіге арналған консультативтік-диагностикалық емхана, отбасылық денсаулық орталығы, 14 отбасылық дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ 6 фельдшерлік-акушерлік және 7 медициналық пункт бар.

Ж.Әйтішевтің айтуынша, осы жылы аудандық емдеу мекемелерінің штаты жаңа­дан 10 дәрігермен толыққан екен. «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдар­ламасы аясында ауданда 6 жас маман еңбек етуде.

 

Жамбыл облысы,

Шу ауданы

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35