Ауа райы • 28 Қараша, 2022

ШҚО-дағы республикалық автожолдар жабылады

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің мәліметінше, 28 қараша кешкі сағат 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы -30С-тан төмен болуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-дағы республикалық автожолдар жабылады

Осыған орай жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі сағат 19:00-ден бастап жоғарыда аталған өңірлердің барлық республикалық автожолдарында дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша шектеледі.

Сондай-ақ ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы жолаушылардан маршрутты алдын ала түзетуді, алыс сапарға шықпауды және ауа-райы болжамын мұқият қадағалауды сұрайды. 

«Штаттан тыс жағдай туындаса жүргізушілер мен жолаушыларға ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының 1403 қысқа нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын call-орталығына хабарласуға кеңес береміз», делінген компания хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025