АСТАНА. 3 маусым. Түрлі қиындықтар кездессе де жұмысын қожыратпаған Қостанай облысындағы «Соколов-Сарыбай» комбинаты енді Еуразиялық экономикалық одақ аясында еңбек өнімділігін арттыра түспек. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
«Соколов-Сарыбай» бірлестігі жылына шамамен 16 млн. тонна темір кені шикізатын және дайын темір жентектерін өндіреді. Соның басым бөлігі Ресей мен Қытайға экспортталады. Дегенмен, әлемдік дағдарысқа байланысты кейінгі уақытта сыртқа сатылатын өнім біршама кеміген. Алайда, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы бұл олқылықтың орынын толтыратынына сенім мол.
«Соколов-Сарыбай» акционерлік қоғамының президенті Мұхамеджан Тұрдахунов: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз еуразиялық интеграцияның мән-маңызын халыққа түсіндіріп, жеткізуіміз қажет. Бұл еліміздің, біздің кәсіпорынның, жалпы өнеркәсіп саласының дамуына серпін береді. Негізгі тұтынушымыз Магнитогорск металлургиялық комбинатымен байланымыз нығая түсетін болды. Біз үшін Ресей нарығына кең жол ашылады. Қазір кәсіпорын кен өндіру орындарын кеңейтуді көздеп отыр. Әсіресе, темір шикізатының сапалы және бай қоры бар «Қашар» кеніш орнына үлкен маңыз берілуде. «Соколов-Сарыбай» бірлестігіне қарасты «Қашар» кенішінің қоры бір ғасырға жетеді. Қазіргі оның тереңдігі – 420 метр. Жоба бойынша 800 метрге дейін қазылады. Бұл кеніш орынына теміржол вагондары және ауыр жүк көліктері тартылған. Болашақта конвейермен кен шығару жүйесі іске қосылмақ. Кеніш орынындағы техникалардың барлығы жаңа. Жақында тау-кен жұмысына арналған Hitachi экскавторлары алынды. Әлемде мұндай техникалар санаулы. 180 тонналық алып жүк машинасы қатары таяуда 12 көлікке толықты», – деді.
Қазіргі таңда «Соколов-Сарыбай» бірлестігінің жұмысшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясында көптеген игіліктерге қол жеткізілетін болды деп санайды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: kostanay.kz.
• 03 Маусым, 2014
Еуразиялық экономикалық одақ аясында алып кәсіпорын жұмысы жанданбақ

Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59