Өнерде шекара жоқ. Сол сияқты рухани байланыстар мен мәдени жақындықты да бөліп тастау еш мүмкін емес. Өнердің ұлт пен ұлыс, ел мен жер таңдап, тосырқамайтыны – бірнеше ұлт өкілдерін бір сахна төріне, бір байқау аясына тоғыстырып жатады. Санкт-Петербург қаласында «Солтүстік Пальмира» атты ауқымды турнир өтті. Әлемнің 80-ге тарта мемлекетінен таңдаулы спорттық би өнерінің шеберлері қатысып, өзара өнер таластырған халықаралық турнирде ақтаулық «Vega-Dance» спорттық би ұжымының мүшелері топ жарды.
«Vega-Dance» би ұжымының бишілер жұбы – Максим Шкурлапов пен Арна Жүсіпова ересектер тобында қарсыластарына мықты бәсекелес ретінде танылған. Еуропалық және латынамерикалық бағдарлама бойынша орындаған билері көрермендер мен қазылардың, бәсекелестердің ыстық қошеметі мен жоғары бағалауына талассыз ие болыпты. Осылайша 80-ге жуық мемлекет өкілдерінің алдында тәуелсіз Қазақстанды таныта түскен биші жұп халықаралық турнирде екінші орынды иеленіп, мойындарына күміс алқа тағып, қолдарына күміс кубокты ұстап оралды.
Маңғыстау облысы спорттық би федерациясының президенті Светлана Шкурлапованың айтуынша, аталмыш би ұжымы осыдан екі апта бұрын Алматы қаласында өткен халықаралық «Kazаkhstan Oреn» фестивалінде қола медальді иеленген екен. Таяуда «Vega-Dance» би ұжымының бишілері Анвар Намеров пен Анеля Шаймарданова Алматы қаласында өтетін «Kazakhstan International Championship» байқауына қатыспақ.
Қазақстан мен Ресей арасында өнерден достық жолын жалғап жүрген жастар туған жерге абыроймен оралды. Алда – үлкен мақсат, үлкен жол...
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АҚТАУ.

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше