2 маусымда өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінің қорытындысы бойынша Алматы көш бастап тұр. Мұндағы физика-математика пәндерін тереңдете оқытатын №178 лицей түлегі, «Алтын белгі» үміткері Айғаным Әбдіжаппар Ұлттық тестілеу орталығы таратқан ақпарат бойынша ең жоғары көрсеткіш – 125 балды иеленді.
2012 жылдың 1 желтоқсанында – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ашылған лицейдің директоры, «Құрмет» орденінің иегері Әбдімәжит Өтеш: «Биылғы оқу жылында осы білім ұясын бітірген 109 түлектің ішінде 22 халықаралық ғылыми жобалар жарыстарының, халықаралық конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары, 21 «Алтын белгі» иегері, 15 ерекше үлгідегі аттестат иегерлері өздеріне артқан сенімді ақтай білді. Мектептің ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 105,8 болды», – деді. Тест тапсырушылардың арасында алғашқы болып «Алтын белгісін» ең жоғары баллмен аяқтаған А.Әбдіжаппарды құттықтап, бірнеше сауал қойдық. – ҰБТ сұрақтары қиын болды ма? – Әртүрлі, күрделі де, қарапайым да сұрақтар болды. – Таңдаған пәнің? – География – Қай пәнге көп уақыт кетті? – Математикаға – Болашақта кім болғың келеді? – Қаржы саласының маманы болсам деймін. – Шетелге оқуға барасың ба? – Жоқ. Қазақстан университеттерінде-ақ білім алғым келеді. – 125 балл алғаныңа таңғалдың ба? – Қалай десем екен... Мен өзіме өзім сенімді болдым. Өйткені, алдын ала өткен сынақтарда жоғары көрсеткішке қол жеткізіп жүргенмін. – Білім алған мектебіңе риза шығарсың? – Иә, біздің лицей физика-математика пәндерін тереңдете оқытады ғой. Осында оқимын деген үміткерлер өте көп. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше