ҚЫЗЫЛОРДА. 4 маусым. Қызылордада жағажай футболының аренасы ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қызылорда облыстық футбол федерациясының 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, қаланың «Сыр самалы» жағажайында арнайы футбол алаңы салынып, ел игілігіне ұсынылды.
Аталған аренаны Қызылорда облыстық футбол федерациясының тапсырысымен «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салды. Аренаның ашылу салтанатында облысы әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының президенті Нұржан Әлібаев, «Мелиоратор» ЖШС директорының орынбасары Мейрам Жұбекешов және «ҚазТрансГазАймақ» Қызылорда өндірістік филиалының директоры Болат Мұртазаев сөз сөйлеп, алаңның салтанатты түрде лентасын қиды.
Нұржан Әлібаев: «Сыр өңірінде де жағажай футболымен айналысып, елдіміздің намысын асқақтататын саңлақтар көп болады деп сенеміз»,– деді.
Алаңның ашылу салтанаты жеткіншектер арасындағы турнирмен жалғасты. Арена тарихындағы алғашқы голды №6 ОБЖСМ командасының ойыншысы Ерсұлтан Ыдырысов соқты. «ҚазТрансГазАймақ» Қызылорда өндірістік филиалы турнирдің жүлде қорын 100 мың теңге көлемінде тағайындапты. 1-орын №6 ОБЖСМ командасы жеңіп алды. Бұл команда сәйкесінше, 50 мың теңгеге ие болса, екінші орын алған командаға 30 мың теңге бұйырып, 3-орын иегері 20 мың, 4-орын иегері 15 мың теңгеге қол жеткізді. Сондай-ақ, турнирдің үздік қақпашысы Бағдәулет Әбжан мен үздік ойыншысы Құрмет Жұмағали де бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы, жағажай футболы Сыр өңірінде ғана емес, еліміз бойынша баяу дамып келе жатқан ойын түрі. Еліміздің тек бірді-екілі аймақтарында ғана болмаса, мұнымен айналысатындар аз. Дегенмен, бұдан былай футболдың бұл түрі Қызылорда облысында қарқынды дамитын болады.
Ержан Байтілес.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: egemen.kz.
• 04 Маусым, 2014
Қызылордада тұңғыш рет жағажай алаңы пайдалануға берілді

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше