Бизнес • 09 Желтоқсан, 2022

Бизнеске қайта өңдеу өндірісін дамыту бағдарламасы қажет

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Атырауда өткен «QAZPOLYMERS – 2022» бірінші отандық форумы барысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Бизнеске қайта өңдеу өндірісін дамыту бағдарламасы қажет

ҰКП басшысы Kazakhstan Petrochemical Industries Inc ЖШС интеграцияланған газ-химия кешеніне жоғары баға берді.  Зауыт осы жылдың қарашасында іске қосылды.

KPI – шикізатты терең өңдейтін Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы алғашқы ауқымды зауыт. Оның өндірістік қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайды. Бұл әлемдік полипропилен өндірісінің шамамен 1%-ын құрайды. Осылайша зауыт бүгінде әлемдегі жетекші полипропилен өндірушілерінің қатарына кіреді. Бүгінде полипропилен машина жасау, медицина, электр техника өнеркәсібінде бірқатар бұйымдар, тот басуға қарсы материал жасауда таптырмас шикізат.

«Бұл еліміздің үлкен мультипликативті әсері бар серпінді жобаларының бірі. Қазіргі кездегі міндет – қайта өңдеу өндірісін дамыту үшін зауыт айналасында нақты кластер құру. Форумның негізгі идеясы осы. ҰКП ретінде біз бұл жұмысты «ҚазМұнайГаз», «Бәйтерек» ҰБХ және ең бастысы бизнеспен бірлесіп белсенді түрде бастадық. Атап айтқанда, біз осы өнімді тұтынушылар тізілімін қалыптастыра бастадық, қосымша талдау жасайтын топты жинаймыз. Мұның бәрі бизнеске осы аумақта қандай өндірістерді ұйымдастыруға болатыны туралы нақты көрініс беретін дұрыс және тиімді бағдарламаға құрылуы тиіс», деп атап өтті ҰКП басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15