Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2022

«Fly Arystan» әуекомпаниясының паркі жаңа ұшақпен толықты

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша әуе кемелер паркін ұлғайту және қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Fly Arystan» әуекомпаниясының паркі жаңа ұшақпен толықты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, осы жылғы 24 желтоқсанда «Fly Arystan» авиакомпаниясы «A320neo» әуе кемесін алды. Сыйымдылығы 188 орындық бұл ұшақ флоттағы 14-ші және осыған ұқсас сыйымдылығы бар үшінші ұшақ. Әуе кемесі қоршаған ортадағы CO2 шығарындыларын және дыбыс ізін азайтуға мүмкіндік беретін қозғалтқышпен жабдықталған.

Осылайша, биыл тамыз айынан бастап қазақстандық авиакомпаниялар сыйымдылығы 166-дан 213 креслоға дейінгі жаңа 12 ұшақ алды.

Әуе кемелерін пайдалануға беру авиакомпаниялардың жолаушылар тасымалы көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ кесте мен билеттер ұсынысының уақытылы орындалуына оң әсерін тигізеді.

Қазақстандық әуекомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасып жатыр. Ол Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.