Қоғам • 02 Қаңтар, 2023

Турбуленттілікке ұшыраған ұшақта 134 жолаушы болған - Air Astana

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana қатты турбуленттік жағдай туралы қосымша мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турбуленттілікке ұшыраған ұшақта 134 жолаушы болған - Air Astana

Оқиға бүгін, 2 қаңтарда Ташкент-Алматы бағыты бойынша КС 128 рейсі кезінде болды. Airbus A321 бортында 134 жолаушы мен бір сәби, сондай-ақ 9 экипаж мүшесі болған. Әуекомпания қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

2 жолаушы медициналық көмек сұраған, олар қазір Алматыдағы ауруханалардың бірінде қаралып жатыр. Дәрігерлердің алдын ала мәліметі бойынша, сүйек сынықтары тіркелмеген.

Air Astana қызметкерлері жолаушыларға көмек көрсету үшін ауруханада көмек көрсетіп жатыр.