Қазақстан • 10 Қаңтар, 2023

Қазақстандық әскерилер Үндістандағы бірлескен оқу-жаттығуға қатысты

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үндістанда «КазИнд» қазақстандық-үнділік кезекті бірлескен оқу-жаттығуы өтті. Оған Қазақстан Қарулы күштерінен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық әскерилер Үндістандағы бірлескен оқу-жаттығуға қатысты

Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілген оқу-жаттығу барысында екі біріккен аралас рота құрылды. 

Қатысушылар екі апта бойы күрделі, бейтаныс жерде ұрыс қимылдарының әртүрлі элементтерін пысықтады.  

Оқу-жаттығу барысында инженерлік-саперлік даярлық бойынша сабақтар өтті. Онда әскери қызметшілер қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың, тұзақтардың және басқа да жарылғыш заттардың үлгілерімен танысты. Сондай-ақ қабылдаушы тарап патрульдеуді ұйымдастыру бойынша демонстрациялық сабақ ұйымдастырды.

Нақты табиғи және климаттық жағдайларда бағдарлау және өмір сүру ережелеріне ерекше назар аударылды. Ал негізгі кезең барысында әскери қызметшілер Джунгли жағдайында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындады. Фал бойынша тікұшақтан қонғаннан кейін жауынгерлер қару-жарақпен жұмыс істеді. 

Сонымен қатар оқу-жаттығу шеңберінде салмағы 10 келілік қару-жарақпен және құрал-жабдықтармен 6 шақырым қашықтықты еңсеру бойынша төзімділік жарыстары ұйымдастырылды. Мәреге бірінші болып Гвардейск гарнизоны танкистер құрамасының взвод сержанты Алдияр Мұхамадиев келді.  

Қазақстандық тарап өкілдері атап өткендей, «КазИнд-2022» бірлескен оқу-жаттығуына қатысу әскери қызметшілерге Үндістаннан келген әріптестерінің жауынгерлік даярлық әдістемесімен танысуға, өздерінің жауынгерлік дағдыларын арттыруға және мүлдем бейтаныс жерлерде кәсіби шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. 

Айта кету керек, биыл «КазИнд» қазақстандық-үнділік оқу-жаттығуы төртінші рет өткізілді. Мұндай оқу-жаттығу алғаш рет 2018 жылы Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» полигонында өткен еді. Одан кейін 2019 жылы Үндістанның Уттаракханд штатында, ал 2021 жылы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Айша-бибі» полигонында бірлескен маневрлер өткізілді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25