
«Бір апта ішінде 2514 қылмыс жасалды. Оның 1570-і тәулік ішінде ашылды. Полицейлер 5 кісі өлтіруді, өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана екі ауыр зиян келтіруді, 23 тонауды және 351 бөтен мүлікті ұрлау фактілерін «ізін суытпай» ашты», деді ведомство өкілі ІІМ брифингінде.